Қазақстанда тұратын орыс ұлтының өкілдері QazNews24 сатиралық паблигінің авторы, қазір қамауда отырған Темірлан Еңсебекті қорғау акциясын бастады. Олар белсенді саяси әжуаға бола қудалауға ұшырады деп біледі. Билік істің саяси астары жоқ дейді.
Ниқаб – ислам дінінде әйелдің дәстүрлі киімі саналады. Қырғызстан билігі жаңадан енгізілген тыйымның хиджабқа қатысы жоқ деп отыр. Ниқабқа қарағанда әйелдің бет-жүзін ашық қалдыратын хиджабқа Орталық Азияның өзге елдерінде шектеулер бар.
Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратов (Мұратбай) 2024 жылдың ақпан айында Өзбекстанның сұранысы бойынша ұсталды. Отанында оған "конституциялық құрылысты бұзу" және "тәртіпсіздікке шақыру" баптары бойынша айып тағылған. Фариза Нарбекова содан бері апта сайын тергеу изоляторына барады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Еуропадағы еврей ұлтының өкілдері мен Совет одағы әскері қатарынан тұтқынға түскендерді газ камерасында тұншықтырып, кейін мүрдесін өртеп отырған Аушвиц (Освенцим) концлагерінің жабылғанына биыл 80 жыл.
Қазақстанда Qaznews24 сатиралық ресурсының авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдірген адамдардың акциялары жалғасып жатыр. Билікт Еңсебекті "ұлтаралық араздық қоздыратын" пост жариялаған деген күдікпен екі айға қамауға алынған. Оған қолдау білдіріп, көшеге шыққан өзге адамдар да жаза арқалап жатыр.
2024 жыл қарақалпақтар құқығы тапталып, оппозиция өкілдерін қудалау күшейген жыл болды дейді құқық қорғаушылар. Ресми Ташкент шет елдердегі белсенді қарақалпақ азаматтарын экстрадициялауға тырысты. Құқық қорғаушылар елде саяси тұтқындар саны артты деп мәлімдесе, ресми Ташкент жоққа шығарып отыр.
2022 жылғы Қанды қаңтар оқиғасына үш жыл. Жақынынан айырылғандардың жан жарасы әлі жазылмаған. Кемі 238 адам қаза тапқан оқиғаны билік ұмытқысы келетіндей, арнайы еске алу іс-шарасын ұйымдастырмады. Алайда қазақстандықтар әлеуметтік желіде флешмоб өткізіп жатыр. Қаңтар шындығы ашылды ма?
Сириядағы бетоннан тұрғызылған түрмеден сыртқа шыққандардың кейбірінің бет-бейнесі қорқынышты фильмдегі зомби тәрізді еді. Енді біреулері жылдар бойы көрмеген туыстарын құшақтап, солқылдап жылап тұр. Бұл адамдар жұрт арасында "адам қасапханасы" аталып кеткен Сейдная түрмесінен бостандыққа шықты.
10 желтоқсан – адам құқығы күні. Маржан Аспандиярова, Макс Боқай, Ғалым Ағелеуов жеке тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстанда құқық қорғаушы болудың қиындығы қандай, елдегі адам құқығы ахуалы қалай деген сұраққа жауап берді.
АҚШ қаржы министрлігі Өзбекстан үкіметінің бұрынғы үш лауазымды қызметкеріне санкция салды.
Тағы