Сапармұрат Ниязовтың бұл әйгілі ескерткіші 1998 жылы Бейтараптық Аркасына орнатылған еді. Ескерткіш күнді бетке алып айналып тұратын. Қазіргі түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов биылғы қаңтардың 18-ы алып ескерткішті бұзып тастау туралы бұйрық берген. Солайша жаңа басшы Түркіменбашының кезіндегі жеке басқа табыну үрдісін өзгерткісі келгенін байқатты.
Түркіменбашының Ашхабадтағы алып ескерткіші біржола қиратылды
![Жұмысшылар Сапармұрат Ниязовтың ескерткішін біржола қиратты. 26 тамыз 2010 жыл](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/84472c52-01ac-4fa2-891a-ff1488f7340f_w250_r1_s.jpg)
Тамыздың 26-ы Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовтың көзі тірісінде салынған 12 метрлік ескерткіштің түгі қалмай бұзылды.