Ташкент қаласының әкімі "үш тілшіге қоқан-лоқы көрсетіп, ар-намысына тиді" деген ақпарат тарағаннан кейін жаңалықтар сайтында істеген екі өзбек журналисі жұмысынан кетті.
Өзбекстанда үйлену тойына өнерпаз жалдауды шектейтін жаңа ережеге әншілер қарсылық білдіріп жатыр. Олар тойдан түскен ақша бірнеше отбасыға бөлінетінін айтады. Билік отбасыны шығынға батыратын аста-төк той өткізу – ысырап дейді.
Түркіменстан ұлттық қауіпсіздік қызметі студенттер арасында үкіметті сынайтын немесе елде бұғатталған веб-сайттарға кіріп, ондағы материалдарды оқитын жастар туралы хабарлап отыратын "тыңшылар" желісін құрған.
Интернетте тәжікстандық белсендінің жеке өмірі жайлы видеоның тарауын көпшілік жұрт негізінен мұсылмандар тұратын елде әйелді қаралаудың лас әдісіне жатқызады. Бәсекелестің "абыройын төгудің" мұндай тәсілін өзге постсоветтік елдерде де қолданған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға екі күндік ресми сапармен барды. Бұған дейін Қазақстанның бірнеше қаласында наразылық білдіргендер Қытайдың Қазақстанға қаржы мен инвестициялық жобаларын ұсыну арқылы "ықпалын күшейтіп жатқанын" айтып, Тоқаевты бұл сапардан бас тартуға шақырған.
Ауғанстанда үкіметті қолдайтын аймақтық қолбасшы Баз Мухаммадты өлтірген Талибан жасағында оның ұлы болған. Өлерінен бірнеше сағат бұрын Азаттыққа сұхбат берген қолбасшы "әкесіне ұлын қарсы қоятын" соғысты тоқтатуға шақырған еді.
Түрмеде "астан уланып қайтыс болды" деп хабарланған 14 тәжік тұтқынның кейбір туысы ресми себепке күмәнмен қарайды.
Қарашаның 16-сында Тәжікстандағы Рогун ГЭС-інің бірінші агрегаты іске қосылды. Совет кезеңінен бері жоспарланған бірнеше миллиард долларлық жоба ондаған жылға созылды.
Алты адамнан тұратын тәжік отбасы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының құрамында соғысу үшін Иракқа кетіп қалған. Бүкіл әулеттен тек бір бала ғана соғыстан аман қалыпты. Елде қалған ата-әжесі он жастағы немересін елге қайтара алмай әлек.
Түркіменстан билігі биыл елге ғимараттағы спорт және жауынгерлік өнер түрлерінен Азия ойындарын (AIMAG) көруге келетін шетелдік туристерге "түркімен гидті жалдап, үнемі соның қасында жүру керектігін" ескертті.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон оқу орнына өз көлігімен келетін ауқатты отбасылар балаларын сөкті. Студенттердің университетке көлікпен келуі дұрыс еместігі жайлы бұған дейін айтылған, бірақ оны елеп жатқандар шамалы.
Түркіменстан спорттағы орнын дәлелдеп, қыркүйекте өтетін халықаралық додаға жоғары көрсеткішке жету үшін миллиардтаған доллар қаржы шығындады. Ал сыншылар "үкімет ақшаны бекер шашқанша, басқа салаларға жұмсаса, ел үшін әлдеқайда тиімді болар еді" дейді.
Өзбекстанның Сурхандария облысындағы бір балабақшадағы қатыгездік пен сексуалдық қызметті бейнелейтін видеолардың соңы шенеуніктер мен кінәлілерді жұмыстан шығаруға және соттауға түрткі болды.
Тәжікстанда үйленетін жұптарды неке келісім-шартына отыруды міндеттейтін заң жобасы қаралып жатыр. Ол елде жыл өткен сайын көбейіп отырған ажырасудан зардап шегетін әйелдерді қорғауға бағытталған.
Өзбекстан полициясы «дұрыс жүрмейді» деген себеппен қала көшесінде велосипед мінетіндерге қарсы науқан бастады. Мақсат - көлік апатын азайту.
Сәуірдің 18-і күні ауған соғысы ардагерлері Кабул қаласында футболдан жолдастық кездесу өткізді. Бұрынғы жаулықты ұмыттыратын матчқа жұрт риза болды.
Өнер жұлдызы өзін қоқан-лоқы жасаушылар "балаларыңды ұрлап әкеттік" деп қорқытқан соң сахнадан кетемін деп жариялауға мәжбүр болғанын айтады.
Тағы