Украинада соғысқаны үшін заң бойынша ұзақ мерзімге түрмеге қамалуға тиіс болған Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары қалыпты тұрмысына оралды. Бұл екі елдің де қылмыстық кодексінде жалдамалы ретінде соғысудың жазасы қатаң болғанымен, олар жеңіл құтылды. Бұған Мәскеудің қысымы әсер етті ме?
Авторитар билік режимі орнаған Түркіменстанда мемлекеттік қызметшілер ел президентін және оның әкесін дәріптейтін газетті әжетхана қағазының орнына немесе заттарды орауға пайдаланғаны үшін қызметтен қуылады.
Азаматтары жаппай Түркияға кетіп жатқанына және шетелде жүріп Ашғабатқа наразылық білдіріп жүргеніне намыстанған Түркімен билігі елге паспорт ауыстырамын деп келгендерді шетелге шығармай жатыр. Салдарынан отбасылар ажырап жатыр.
"Манчестер Сити" 41 млн долларға сатып алды деген 20 жастағы Абдукодир Хусанов Орталық Азия елдері арасында ағылшын премьер-лигасына өткен алғашқы футболшы атанып отыр. Оның бұл жетістігі 35 млн халқы бар Өзбекстан жас футболшылары үшін жігерлендіретін үлгі болмақ.
Ресей президенті Владимир Путин елдегі ұзаққа созылған демографиялық дағдарысқа байланысты 2024 жылды отбасы жылы деп жариялады. Жыл бойы аборт, ажырасу мен баласыз өмірді насихаттауға қарсы заңдар қабылданды.
Қазақстанның шығысында орналасқан Өскемен қаласында қазір сағат 15:30-да күн батады. Бұл былтырғы жылдан бір сағатқа ерте. Көктемде үкімет жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған елдің барлық өңірін бір уақыт белдеуіне ауыстырған.
Мәскеуде жарылыстан мерт болған жоғары лауазымды ресейлік генералдың өліміне күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталған соң, Ресейде жұмыс істеп жүрген Орталық Азия елдерінен барған мигранттар арасында үрей күшейді.
Орталық Азия елдерінің мигранттары үшін Ресей ұзақ уақыт бойы жұмысқа баратын негізгі ел болды. Бірақ Ресейде мигранттарға шабуылдар жиілеп, дискриминцияның күшеюі, оған қоса экономикасының құлдырауы жағдайды өзгертіп отыр.
Қырғызстанда жергілікті сайлау алдында оппозициялық саясаткерлердің ұсталуы президент Садыр Жапаров режимімен бәсекеге ұмтылу құпталмайтын іс екенін көрсетті.
Шавкат Мирзияевтың қызының саяси серігіне қастандық жасалды. Бұл Өзбекстанның саяси сахнасында жүрген ықпалды отбасылар арасында жұрт ойлағандай бірлік жоғын аңғартқандай.
Өткен аптада Ресей ұзақ жылдан бері өз ықпалындағы аймақ санаған Орталық Азияда қос бірдей сәтсіздікке ұшырады. Өзбекстан мен Қазақстан Мәскеу үшін маңызды одаққа қосылудан бас тартты. Сарапшылар Кремль бұған қатты ренжіп отыр дейді.
Өткен аптада қос қырғыз журналисі ұзақ мерзімге түрмеге жабылды. Олар өзгелердің батылы жетпеген тақырыпты қозғап, Садыр Жапаров режимінің непотизмін әшкерелеген еді. Бірақ президент пен оның серіктері де журналистерге тоқтау салу үшін ешнәрседен тайынбайтынын көрсетті.
Ресей Украинаға басып кіргелі дипломатиялық изоляцияға ұшыраған "Росатом" компаниясы Мәскеудің әлемдік аренадағы беделін сақтап қалуға жанталасының маңызды бөлігіне айналды. Ресейдің ядролық энергия саласын қолдау жүгі әдеттегідей Кремльмен тығыз байланысты Орталық Азия елдерінің иығына түседі.
Астанада бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. 89 елдің спортшылары қатысатын көшпенділер мәдениетін тойлау шарасы алғаш Қырғызстаннан басталған. Бұл табиғи байлығы жоқ шағын мемлекет ғаламдық жоба ойлап таба алатынын көрсетеді.
Қызылордада сыныптастары бірнеше ай бойы жезөкшелікке күштеген қыздың хикаясы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Полиция кәмелеттік жасқа толмаған төрт жасөспірімді ұстады, белсенділер бұл мәселенің түбі тереңде жатыр дейді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерін қорғаныс саласындағы әріптестікке шақырды. Әзербайжан президенті бұл жаңалықты қуана қарсы алса, Ресей ұната қойған жоқ. Сарапшылар бұл Қазақстанның Украинадағы соғыстан кейінгі дипломатиялық позициясының жалғасы дейді.
Кейбір спорт сарапшылары биылғы Париж олимпиадасында Орталық Азия елдері Токио мен Рио додасындағы нәтижесінен артық жетістікке жетеді деп ойлаған да жоқ. Бірақ Өзбекстан мен Қазақстан Парижде алғашқы алтын медалін алып, өңір спортшылары өз мықтылығын көрсетті.
Тағы