Навои облысындағы Нұр-ата ауданына қарасты Нұр-ата совхозы совет заманында қаракөл зауыты арқылы аты шыққан жер болатын. Аудан орталығы Нұр-ата қаласында өзбектер, тәжіктер мен қазақтар аралас тұрады.
Нұр-ата тұрғындары
Азаттық вебсайты фототілшісі Умида Ахмедованың Өзбекстандағы Навои облысында тұратын қазақтардың тұрмысы туралы даярлаған кезекті галереясын ұсынады.
![Ал аудан орталығымен аттас, қаладан 90 шақырым жердегі Нұр-ата (бұрынғы Әулие-ата) ауылында тұратын этникалық қазақтар біртіндеп Қазақстанға көшіп жатыр. Суретте: Навои облысындағы қазақтар көп тұратын Нұр-ата ауданына апаратын жол.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/19e552a7-cdf9-4f8a-a44b-ad0625850378_w1024_q10_s.jpg)
1
Ал аудан орталығымен аттас, қаладан 90 шақырым жердегі Нұр-ата (бұрынғы Әулие-ата) ауылында тұратын этникалық қазақтар біртіндеп Қазақстанға көшіп жатыр. Суретте: Навои облысындағы қазақтар көп тұратын Нұр-ата ауданына апаратын жол.
!["Нұр-ата" совхозында бірінші түскен үйіміз - ерлі-зайыпты Мурзакат пен Сағадат Жүнісовтердің шаңырағы болды. Бірден көзге түскен жайт - мұнтаздай тазалық. Аулада - үлкен спутник антеннасы тұр. Бұрынғы сәулетші Мурзакат ағаның шаруақор кісі екені көрінеді. Бізді кондиционер қойылған салқын бөлмеге жайғастырды да, әңгіме бастады. «Шағым айту күпірлік болады, жақс ытұрам. Үйім - осы, туған жерім - осы жер. Екі ұлым Астанаға кетіп қалды. Нұрсұлтан Назарбаевқа "қазақтарды көшіру туралы бағдарламаны несіне ойлап таптың?" деген сауал қойғым келеді. Ұлдарымды оқыттым, бір келінім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Неге олардың бәрі Астанада өз мамандығына жатпайтын жұмыс істейді? Неге кетіп қалды? Ауылда араласатын да ешкім ұалмай бара жатыр. Немерелерім қазақша ұмытып кете ме деп ойлаймын» деді ол.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8e0ee0f2-a605-463e-94b0-47d28a49ce0b_w1024_q10_s.jpg)
2
"Нұр-ата" совхозында бірінші түскен үйіміз - ерлі-зайыпты Мурзакат пен Сағадат Жүнісовтердің шаңырағы болды. Бірден көзге түскен жайт - мұнтаздай тазалық. Аулада - үлкен спутник антеннасы тұр. Бұрынғы сәулетші Мурзакат ағаның шаруақор кісі екені көрінеді. Бізді кондиционер қойылған салқын бөлмеге жайғастырды да, әңгіме бастады. «Шағым айту күпірлік болады, жақс ытұрам. Үйім - осы, туған жерім - осы жер. Екі ұлым Астанаға кетіп қалды. Нұрсұлтан Назарбаевқа "қазақтарды көшіру туралы бағдарламаны несіне ойлап таптың?" деген сауал қойғым келеді. Ұлдарымды оқыттым, бір келінім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Неге олардың бәрі Астанада өз мамандығына жатпайтын жұмыс істейді? Неге кетіп қалды? Ауылда араласатын да ешкім ұалмай бара жатыр. Немерелерім қазақша ұмытып кете ме деп ойлаймын» деді ол.
![Үйдегі әйелдердің үлкені Сағадат апай ет асып жатыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/03db7fb6-d470-4f33-9970-2de692bec67b_w1024_q10_s.jpg)
3
Үйдегі әйелдердің үлкені Сағадат апай ет асып жатыр.
![Қонақтарына табақпен ет тартушы Сағадат.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/52f8a81b-d6bd-44bb-821a-ad9036407cf7_w1024_q10_s.jpg)
4
Қонақтарына табақпен ет тартушы Сағадат.
![Суреттегі жолбарысты кілемді Сағадат апай 35 жыл бұрын өзі тіккен.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c73f13ce-80d4-43ac-8295-fa324c7824e5_w1024_q10_s.jpg)
5
Суреттегі жолбарысты кілемді Сағадат апай 35 жыл бұрын өзі тіккен.
![Нұр-атадағы саны күрт азайып бара жатқан қазақ отбасыларының және біреуі - Бектұрсын мен Манат Зариповтердің үй-іші. Бектұрсын ағаның Қазақстан азаматына тұрмысқа шыққан бір қызынан басқа барлық баласы Өзбекстанда тұрады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8ebe884a-d5af-460b-a9d2-a3fa43097854_w1024_q10_s.jpg)
6
Нұр-атадағы саны күрт азайып бара жатқан қазақ отбасыларының және біреуі - Бектұрсын мен Манат Зариповтердің үй-іші. Бектұрсын ағаның Қазақстан азаматына тұрмысқа шыққан бір қызынан басқа барлық баласы Өзбекстанда тұрады.
![Мурзакаттың немере ағасы Бектұрсын Зарипов қажылыққа барып қайтқан, бауыры Ташкенттен әкелген шапанын жапты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5948b9a6-b4ef-4e20-8506-95fa9e9563b8_w1024_q10_s.jpg)
7
Мурзакаттың немере ағасы Бектұрсын Зарипов қажылыққа барып қайтқан, бауыры Ташкенттен әкелген шапанын жапты.
![Бектұрсын ағаның келіні Ташкенттен келген қайнысына сәлем салып тұр. Азаттық тілшісін ауыл тұрғындарының жақын танысы ертіп келген соң олар ашылып сөйлесе бастады. Басқа жағдайда этникалық азшылық топ өкілдерінің көптеген тақырыптарға қатысты сақсына, тартыншақтай сөйлейтіні байқалады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/286b8be0-83f5-4b0b-a709-26803d81c1c8_w1024_q10_s.jpg)
8
Бектұрсын ағаның келіні Ташкенттен келген қайнысына сәлем салып тұр. Азаттық тілшісін ауыл тұрғындарының жақын танысы ертіп келген соң олар ашылып сөйлесе бастады. Басқа жағдайда этникалық азшылық топ өкілдерінің көптеген тақырыптарға қатысты сақсына, тартыншақтай сөйлейтіні байқалады.
![Бектұрсын Зариповтің ұлдары - табысты кәсіпкерлер, сол себепті бақуатты тұрады. Бірақ жастардың арасында "Қазақстанға көшу" туралы ойдың бар екені байқалады. Оны Бектұрсын ағаның өз іші де сезеді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/29026f0b-1b3d-475b-9bcc-c7d82b6320e8_w1024_q10_s.jpg)
9
Бектұрсын Зариповтің ұлдары - табысты кәсіпкерлер, сол себепті бақуатты тұрады. Бірақ жастардың арасында "Қазақстанға көшу" туралы ойдың бар екені байқалады. Оны Бектұрсын ағаның өз іші де сезеді.
![Бектұрсын Зариповтың немерелерінің бірі](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/bc304638-bc41-4013-af41-e0d72a068ae9_w1024_q10_s.jpg)
10
Бектұрсын Зариповтың немерелерінің бірі
![Бектұрсын ағаның келіні Мөлдір егіз ұлдары Үмбет пен Сүмбетті ұстап отыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d90eadc1-f6c8-463b-91fd-d2696fdab231_w1024_q10_s.jpg)
11
Бектұрсын ағаның келіні Мөлдір егіз ұлдары Үмбет пен Сүмбетті ұстап отыр.
![Бұрынғы Әулие-ата, қазіргі Нұр-ата совхозының бір көрінісі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/f7fe5e72-b412-48b0-bc25-a533163acb5c_w1024_q10_s.jpg)
12
Бұрынғы Әулие-ата, қазіргі Нұр-ата совхозының бір көрінісі.
![Мурзакат ағаның ауласындағы "Нива" көлігіне әдемі кілемше жабылған](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1fe059cb-a696-4bd7-805d-aa4c9f05e417_w1024_q10_s.jpg)
13
Мурзакат ағаның ауласындағы "Нива" көлігіне әдемі кілемше жабылған
![Нұр-ата қасындағы жергілікті діни-сакральдық орын - Нукриддин қожаның мазарындағы жазу](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/6569f97e-df54-4b18-a33c-0d3415a17344_w1024_q10_s.jpg)
14
Нұр-ата қасындағы жергілікті діни-сакральдық орын - Нукриддин қожаның мазарындағы жазу
![Нукриддин қожаның мазарындағы зиярат етуші](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/34e966f4-b2e8-409d-ae22-434f2b709d32_w1024_q10_s.jpg)
15
Нукриддин қожаның мазарындағы зиярат етуші
![Нукриддин қожа дүрбесінің шырақшысы Құран оқып отыр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/bed070e7-418d-4bf2-9fb7-1f646e4c9d54_w1024_q10_s.jpg)
16
Нукриддин қожа дүрбесінің шырақшысы Құран оқып отыр.