Стамбулда тұратын қазақтілді мұсылман этникалық орыс Әмина Федоренко Muslima Wear атты бренді арқылы мұсылман қыз-келіншектердің ыңғайлы, бекзат киімін насихаттағысы келеді. Ол қазақ ою-өрнектері арқылы ерекше стиль тапқанын айтады.
Мұсылман сән үлгісіндегі қазақ оюлары
![Әмина Федоренко (суретте өзі тікен киім үлгісін жарнамалап тұрған дизайнер): "Талабыма сай зайырлы ортаға интеграциялануға сеп болатын мұсылманша киім үлгісі шығар деп ұзақ күттім. Ондай ыңғайлы киім тапсам, өзім айналыспас едім. Таппағандықтан алғашқы қадам жасадым".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/15494791-3c4b-41ad-b467-e2c2e2310bfd_w1024_q10_s.jpg)
1
Әмина Федоренко (суретте өзі тікен киім үлгісін жарнамалап тұрған дизайнер): "Талабыма сай зайырлы ортаға интеграциялануға сеп болатын мұсылманша киім үлгісі шығар деп ұзақ күттім. Ондай ыңғайлы киім тапсам, өзім айналыспас едім. Таппағандықтан алғашқы қадам жасадым".
!["Мен тігетін киімдер арқылы адамдардың мұсылман әйелдер туралы теріс стереотиптерден арылуын, ал қыздардың өздерінің мұсылман екенін мақтан тұтуын қалаймын".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/481564c6-74c5-4b09-b052-2b128d61c7d7_w1024_q10_s.jpg)
2
"Мен тігетін киімдер арқылы адамдардың мұсылман әйелдер туралы теріс стереотиптерден арылуын, ал қыздардың өздерінің мұсылман екенін мақтан тұтуын қалаймын".
!["Идеямды тартымды етіп жеткізу үшін фактурасы әртүрлі маталарды қолданам".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0ef4cb26-7e69-481c-ab8c-54f453d899fd_w1024_q10_s.jpg)
3
"Идеямды тартымды етіп жеткізу үшін фактурасы әртүрлі маталарды қолданам".
!["Аксессуарға, түйреуіштерге, түймелер мен өзге де фурнитура элементтеріне арнайы тапсырыс берем. Кейде бір ерекше, сапалы түймені табу үшін көп уақыт шығындап, бүкіл қаланы шарлап шығам".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/4a5f0060-af46-4554-a405-d10df07c467f_w1024_q10_s.jpg)
4
"Аксессуарға, түйреуіштерге, түймелер мен өзге де фурнитура элементтеріне арнайы тапсырыс берем. Кейде бір ерекше, сапалы түймені табу үшін көп уақыт шығындап, бүкіл қаланы шарлап шығам".
!["Тек дизайнға емес, сапаға да көп көңіл бөлінеді. Детальдарға ерекше мән береміз, лазермен кестелеу болсын, жай астар салу болсын".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/86ea61dc-5166-41fa-8ba1-bbd85806b063_w1024_q10_s.jpg)
5
"Тек дизайнға емес, сапаға да көп көңіл бөлінеді. Детальдарға ерекше мән береміз, лазермен кестелеу болсын, жай астар салу болсын".
!["Классикалық стиль мен ұлттық нақыштар салынған қазіргі тенденцияларды ұштастырып, матаға эксклюзивті дизайнерлік принт басамыз".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e1a53fe2-22f1-4ca0-b9fc-04e884aa0c84_w1024_q10_s.jpg)
6
"Классикалық стиль мен ұлттық нақыштар салынған қазіргі тенденцияларды ұштастырып, матаға эксклюзивті дизайнерлік принт басамыз".
!["Түрлі идеяларды іздеп жүрем, әр коллекциямда қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қолдануға тырысам. Бірақ бұл өрнектерді Түркияда «османлы оюлары» деп атайды".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/55ef9251-b8d3-4507-86da-6541ed26a6ba_w1024_q10_s.jpg)
7
"Түрлі идеяларды іздеп жүрем, әр коллекциямда қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қолдануға тырысам. Бірақ бұл өрнектерді Түркияда «османлы оюлары» деп атайды".
!["Ресейдің Кавказынан, Германиядан, АҚШ пен Малайзиядан жиі тапсырыс түседі. Түрлі нәсіл мен ұлт өкілдері біздің ою-өрнек түскен көйлекті киіп, тұтынушы ретінде риза болып алып жатыр".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/fccd5edc-8792-4453-836c-b16804a4f08b_w1024_q10_s.jpg)
8
"Ресейдің Кавказынан, Германиядан, АҚШ пен Малайзиядан жиі тапсырыс түседі. Түрлі нәсіл мен ұлт өкілдері біздің ою-өрнек түскен көйлекті киіп, тұтынушы ретінде риза болып алып жатыр".
!["Өзім тіккен киімді өзім қалаған түрде таныстыруға тырыстым. Бұл жағынан алғанда 2000 жылдардың ортасында қазақстандық телеарналарда жұмыс істеп жинаған тәжірибем көп көмек болды".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/bc542c78-e543-4fd7-b0dd-7da0828f9950_w1024_q10_s.jpg)
9
"Өзім тіккен киімді өзім қалаған түрде таныстыруға тырыстым. Бұл жағынан алғанда 2000 жылдардың ортасында қазақстандық телеарналарда жұмыс істеп жинаған тәжірибем көп көмек болды".
!["Бірнеше фотографпен жұмыс істейміз. Ал декорацияны өзім таңдаймын, коллекцияның тақырыбын өзім қоям, фотографқа ол жағынан көп жұмыс қалдырмаймын".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/41744c00-dc15-45c5-b371-9fe1ee8f35c2_w1024_q10_s.jpg)
10
"Бірнеше фотографпен жұмыс істейміз. Ал декорацияны өзім таңдаймын, коллекцияның тақырыбын өзім қоям, фотографқа ол жағынан көп жұмыс қалдырмаймын".
![Дәстүрлі мұсылман киімдерінің стилі мен реңі араб елдерінде, түркітілдес елдерде, Кавказ елдерінде әрқилы. Малайзиядағы мұсылман киімі ашық әрі түрлі-түсті, араб елдерінде дәстүрлі қара түсті, Түркияда консервативтік стильді, Кавказда көйлек пен етекті киімді (юбка) ұнатады, еуропалық мұсылман қыздар туниканы қалайды, түркі елдерінде ұлттық нақыштар түскені керек.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/2965b027-5ba2-455a-b3dd-85c3a70ad48f_w1024_q10_s.jpg)
11
Дәстүрлі мұсылман киімдерінің стилі мен реңі араб елдерінде, түркітілдес елдерде, Кавказ елдерінде әрқилы. Малайзиядағы мұсылман киімі ашық әрі түрлі-түсті, араб елдерінде дәстүрлі қара түсті, Түркияда консервативтік стильді, Кавказда көйлек пен етекті киімді (юбка) ұнатады, еуропалық мұсылман қыздар туниканы қалайды, түркі елдерінде ұлттық нақыштар түскені керек.
!["Биыл жыл соңына дейін Стамбулда Орталық Азияға байланысты «Жібек жолы» атты тематикалық коллекциямның презентациясын өткізсем деп жоспарлап жүрмін".](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/f7130675-608b-4943-9340-3873e24ba1da_w1024_q10_s.jpg)
12
"Биыл жыл соңына дейін Стамбулда Орталық Азияға байланысты «Жібек жолы» атты тематикалық коллекциямның презентациясын өткізсем деп жоспарлап жүрмін".