Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы "Маракана" стадионында 5 тамызда 31-жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Төрт сағатқа жалғасқан шарада театрландырылған қойылым көрсетілді. Салтанатты шеруге ұлттық командалармен бірге босқындар құрамасы мен тәуелсіз спортшылар да қатысты. Ашылу салтанатына Халықаралық олимпиада комитеті президенті Томас Бах, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Бразилия президентінің міндетін атқарушы Мишел Темер және 40 астам елдің президенттері қатысты. Олимпиадаға 104 спортшы апарған Қазақстанның туын таэквондошы Руслан Жапаров ұстап шықты.
Рио олимпиадасының ашылуы
![Олимпиаданың ашылу салтанатындағы қойылым. Шараға 3 мыңға жуық ерікті және актерлер қатысты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e02995a2-4b1c-4007-aafa-bf0594fc9719_w1024_q10_s.jpg)
1
Олимпиаданың ашылу салтанатындағы қойылым. Шараға 3 мыңға жуық ерікті және актерлер қатысты.
![Жер бетінде тіршілік пайда болған сәтті бейнелейтін қойылым.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/03685bfe-ceed-4ea0-97ee-d9ebd403d542_w1024_q10_s.jpg)
2
Жер бетінде тіршілік пайда болған сәтті бейнелейтін қойылым.
![Алғашқы адамның қалай пайда болғанын бейнелейтін сахналық қойылым.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8d9158b4-e0d6-452f-8bbe-672ddb33ecf8_w1024_q10_s.jpg)
3
Алғашқы адамның қалай пайда болғанын бейнелейтін сахналық қойылым.
![Олимпиада ашылуындағы қойылымға қатысушылар.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e7665fe5-fb32-4e95-962a-ce6a75f3de72_w1024_q10_s.jpg)
4
Олимпиада ашылуындағы қойылымға қатысушылар.
![Рио олимпиадасының ашылу салтанатындағы қойылымнан көрініс.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c8116c40-91db-4b93-8d73-de8e23acadcd_w1024_q10_s.jpg)
5
Рио олимпиадасының ашылу салтанатындағы қойылымнан көрініс.
![Адамдардың биік құрылысты тұрғызғанын суреттейтін көрініс.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a070606a-d002-4683-93d4-25352b59997a_w1024_q10_s.jpg)
6
Адамдардың биік құрылысты тұрғызғанын суреттейтін көрініс.
![Адамзат алғаш рет ұшақты ойлап тапқан сәтті бейнелейтін қойылым.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c5eff41a-24cb-4ad4-8f38-ee2907bb0025_w1024_q10_s.jpg)
7
Адамзат алғаш рет ұшақты ойлап тапқан сәтті бейнелейтін қойылым.
![«Маракана» стадионында олимпиаданың ашылу салтанаты болып жатқанда, Рио-де-Жанейрода олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шыққандар Халықаралық олимпиада комитетінің туын өртеді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/76aecab6-19c5-40df-9cd1-50b68275b663_w1024_q10_s.jpg)
8
«Маракана» стадионында олимпиаданың ашылу салтанаты болып жатқанда, Рио-де-Жанейрода олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шыққандар Халықаралық олимпиада комитетінің туын өртеді.
![Рио-де-Жанейро қаласында кедейлер тұратын фавелалардағы өмірді бейнелейтін қойылым.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5b062e33-ea6e-4fa4-b0a6-ff91c66b0f72_w1024_q10_s.jpg)
9
Рио-де-Жанейро қаласында кедейлер тұратын фавелалардағы өмірді бейнелейтін қойылым.
![Ашылу салтанатының негізгі тақырыбы ғаламдық жылыну мен табиғатты қорғауға арналды. Жаңа бой көтеріп келе жатқан гүлдің жанында отырған бала.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0ed7e50b-45e7-4ea1-beb1-efd2a2159b60_w1024_q10_s.jpg)
10
Ашылу салтанатының негізгі тақырыбы ғаламдық жылыну мен табиғатты қорғауға арналды. Жаңа бой көтеріп келе жатқан гүлдің жанында отырған бала.
![Олимпиаданың ашылу салтанаты кезіндегі ұлттық құрамалар шеруіне қатысқан Қазақстан командасы. Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жапаров ұстап келе жатыр. Рио-де-Жанейро. 5 тамыз 2016 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/08ef8af6-cfbd-467a-b93c-f8b25bca7307_w1024_q10_s.jpg)
11
Олимпиаданың ашылу салтанаты кезіндегі ұлттық құрамалар шеруіне қатысқан Қазақстан командасы. Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жапаров ұстап келе жатыр. Рио-де-Жанейро. 5 тамыз 2016 жыл.
![Допинг дауына байланысты соңғы сәтке дейін олимпиадаға қатысуы белгісіз болған Ресей құрамасы. Халықаралық олимпиада комитеті Ресейдің 271 спортшысына олимпиадаға қатысуға рұқсат берді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/08ea3871-2194-4465-bff5-58b82c1c1783_w1024_q10_s.jpg)
12
Допинг дауына байланысты соңғы сәтке дейін олимпиадаға қатысуы белгісіз болған Ресей құрамасы. Халықаралық олимпиада комитеті Ресейдің 271 спортшысына олимпиадаға қатысуға рұқсат берді.
![Сауд Арабиясы әйелдері осымен екінші рет олимпиадаға қатысып жатыр. 2012 жылға дейін бұл елден бірде-бір әйел олимпиадаға қатыспаған. Риоға төрт сауд арабиялық әйел атлет келді.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/e9b9f8df-f89e-47cb-b58c-5fdc08047726_w1024_q10_s.jpg)
13
Сауд Арабиясы әйелдері осымен екінші рет олимпиадаға қатысып жатыр. 2012 жылға дейін бұл елден бірде-бір әйел олимпиадаға қатыспаған. Риоға төрт сауд арабиялық әйел атлет келді.
![Олимпиада шығыршығы да жасыл желектен жасалған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5de4f455-7cc0-493a-99f9-75698f4fdbf0_w1024_q10_s.jpg)
14
Олимпиада шығыршығы да жасыл желектен жасалған.
![Олимпиада алауын Афин олимпиадасының қола жүлдегері, марафоншы Вандерлей де Лима тұтатты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/502cf12b-d46b-4d54-bd47-0bb4223b23dc_w1024_q10_s.jpg)
15
Олимпиада алауын Афин олимпиадасының қола жүлдегері, марафоншы Вандерлей де Лима тұтатты.
![Рио олимпиадасының алауы 21 тамызға дейін "Маракана" стадионында жанып тұрады.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/00dcc3d1-e124-40df-a20b-12a465b84af3_w1024_q10_s.jpg)
16
Рио олимпиадасының алауы 21 тамызға дейін "Маракана" стадионында жанып тұрады.