Мұсылмандар Ораза айт мерекесін тойлап жатыр. Үш күнге созылатын Ораза айт кезінде жұрт мешітке барады, туған-туыс, дос-жаранның үйлеріне кіріп-шығады, мұқтаж адамдарға қайырым жасайды.
Ораза айт
![Кабулда Ораза айт кезінде әткеншек теуіп жүрген балалар. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9203eea1-b7d1-4c6b-afbf-5cf440b4310c_w1024_q10_s.jpg)
1
Кабулда Ораза айт кезінде әткеншек теуіп жүрген балалар.
![Джалалабад шетінде намаз оқып тұрған ауғандықтар. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/80fa47a3-7d46-4303-affd-86e3c9b0474a_w1024_q10_s.jpg)
2
Джалалабад шетінде намаз оқып тұрған ауғандықтар.
![Карачидегі (Пәкістан) мерекеде қолындағы қыналы оюды көрсетіп тұрған қыз. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/b74541a4-5a90-4c6f-bc16-cf5d50399555_w1024_q10_s.jpg)
3
Карачидегі (Пәкістан) мерекеде қолындағы қыналы оюды көрсетіп тұрған қыз.
![Ораза айт кезінде ауылдарына асыққан пәкістандықтар автобусқа отырып жатыр (Лахор).](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/df56ae05-ccfa-4065-8f48-eb64be5ccc20_w1024_q10_s.jpg)
4
Ораза айт кезінде ауылдарына асыққан пәкістандықтар автобусқа отырып жатыр (Лахор).
![Үндістанның Нью-Дели қаласында севиян деген тамақтың дәмін көріп жатқан мұсылмандар.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3bc7a5a9-2a0f-4a2e-8369-47b39e0f4346_w1024_q10_s.jpg)
5
Үндістанның Нью-Дели қаласында севиян деген тамақтың дәмін көріп жатқан мұсылмандар.
![Мосулда Ораза айтты тойлап жүрген ирак қызы. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/51b6d919-76ed-49a5-972f-cd86ca3aa97e_w1024_q10_s.jpg)
6
Мосулда Ораза айтты тойлап жүрген ирак қызы.
![Ирактың Мосул қаласындағы босқындар Ораза айттың бірінші күні гуманитарлық ұйымдар жеткізген тағамдар мен сусындарды әкетіп барады. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0314c40f-2021-4039-8926-d4fb02a68234_w1024_q10_s.jpg)
7
Ирактың Мосул қаласындағы босқындар Ораза айттың бірінші күні гуманитарлық ұйымдар жеткізген тағамдар мен сусындарды әкетіп барады.
![Тегерандағы құлшылыққа келген әйелдер. (Иран) ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/41b57ca9-c01e-4336-9b7b-9676377f3e9e_w1024_q10_s.jpg)
8
Тегерандағы құлшылыққа келген әйелдер. (Иран)
![Бішкек орталығындағы намаз. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3637d884-8181-4aeb-8059-ebedccd9d718_w1024_q10_s.jpg)
9
Бішкек орталығындағы намаз.
![Бішкектен 250 километр жердегі Шолпан-ата қаласында намаз оқып отырған бала. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/539f2953-bbef-44c9-aec1-978d59a4933b_w1024_q10_s.jpg)
10
Бішкектен 250 километр жердегі Шолпан-ата қаласында намаз оқып отырған бала.
![Босниялық ер адам Сараево қаласындағы таң намазынан кейін нан сатып алып жатыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ab3c6580-c6ff-4b68-828b-d2fe447bbe15_w1024_q10_s.jpg)
11
Босниялық ер адам Сараево қаласындағы таң намазынан кейін нан сатып алып жатыр.
![Приштинадағы (Косово) намазға келген бала.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/9c8b9644-e7b3-4e5a-b554-f9db2b1ef99c_w1024_q10_s.jpg)
12
Приштинадағы (Косово) намазға келген бала.
![Минск мешітіндегі намаз. Мешіт Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Беларуське сапары кезінде былтыр ашылған. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3edd9607-48a0-4cd7-a136-354649e2d039_w1024_q10_s.jpg)
13
Минск мешітіндегі намаз. Мешіт Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Беларуське сапары кезінде былтыр ашылған.
![Беларусь мұсылмандарының көпшілігі - татар-липка қауымдастығы өкілдері. Бұл қауым Беларусьте 13-14-ғасырларда қалыптасқан. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1aafc5be-d1e5-4a35-8a78-9a8aa70047b3_w1024_q10_s.jpg)
14
Беларусь мұсылмандарының көпшілігі - татар-липка қауымдастығы өкілдері. Бұл қауым Беларусьте 13-14-ғасырларда қалыптасқан.
![Мәскеудегі намазға келген жамағат. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/3ec2a3e6-9e15-487d-8640-088b92bf6e4f_w1024_q10_s.jpg)
15
Мәскеудегі намазға келген жамағат.
![Евпаториядағы Жұма-Жәми мешітіндегі Қырым татарлары. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/93dc3b14-b86d-430a-9cbe-4eb86fb47965_w1024_q10_s.jpg)
16
Евпаториядағы Жұма-Жәми мешітіндегі Қырым татарлары.
![Йеменнен шыққан АҚШ мұсылмандарының Ораза айттың бірінші күніндегі таңғы дастарханы. (Бруклин, Нью-Йорк)](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8956c248-3a48-4d8d-a7c3-61620a1f7fa2_w1024_q10_s.jpg)
17
Йеменнен шыққан АҚШ мұсылмандарының Ораза айттың бірінші күніндегі таңғы дастарханы. (Бруклин, Нью-Йорк)