Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы ИЧ-167/4 қатаң тәртіптегі түзету мекемесі 1937 жылы салынған. Мұнда 25 жастан ересек 230-ға жуық әйел жазасын өтеп жатыр. Жазасын өтеушілер үш түрлі тәртіптегі (қатаң, дағдылы және жеңілдетілген) камераларда тұрады. Тұтқындардың 47-сі сол жердегі тігін цехында жұмыс істейді. Олар жұмыс көлеміне қарай айына 30 мың теңгеге дейін жалақы алады. Жастары 30-ға толмаған 50 тұтқын түрмедегі мектеп пен коллежде оқиды.
Шымкенттегі әйелдер түрмесі
![Қатаң режимдегі әйелдер түрмесінің шатырына қонған құс.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a698b0a2-5c1b-4b4f-836a-6979d0a5f2ef_w1024_q10_s.jpg)
1
Қатаң режимдегі әйелдер түрмесінің шатырына қонған құс.
![Қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеушілер үш тәртіптегі камерада отырады. Олар - қатаң, дағдылы және жеңілдетілген тәртіптегі камералар. Суретте: түрме қызметкері камера есігін ашып жатыр. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/0b57546d-0f9c-4784-91d6-7d88aacef032_w1024_q10_s.jpg)
2
Қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеушілер үш тәртіптегі камерада отырады. Олар - қатаң, дағдылы және жеңілдетілген тәртіптегі камералар.
Суретте: түрме қызметкері камера есігін ашып жатыр.
Суретте: түрме қызметкері камера есігін ашып жатыр.
![Қатаң тәртіптегі камераның іші.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/55a3882b-2a54-4c8a-a5d2-04dd97d533ff_w1024_q10_s.jpg)
3
Қатаң тәртіптегі камераның іші.
![Қатаң тәртіптегі камераның ішінен темір шарбақпен, сыртынан темір тормен қапталған жалғыз терезесі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/76019263-b446-44a4-bd96-fc7ef37b9a17_w1024_q10_s.jpg)
4
Қатаң тәртіптегі камераның ішінен темір шарбақпен, сыртынан темір тормен қапталған жалғыз терезесі.
![Түрме ішіндегі жылу өлшейтін құрал камера температурасының 15 градус екенін көрсетіп тұр.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1efbcfe8-5a1e-4c16-8806-0afe416e4b3c_w1024_q10_s.jpg)
5
Түрме ішіндегі жылу өлшейтін құрал камера температурасының 15 градус екенін көрсетіп тұр.
![Дағдылы тәртіптегі жасақта (камерада) жазасын өтеп жүрген әйел.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5d2b573b-fa89-4d25-86de-c46a333893d5_w1024_q10_s.jpg)
6
Дағдылы тәртіптегі жасақта (камерада) жазасын өтеп жүрген әйел.
![Камера ішінде кітап оқып отырған жазасын өтеуші әйел.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c8ec5e7e-a43c-4ce8-be42-f71696e1a8b0_w1024_q10_s.jpg)
7
Камера ішінде кітап оқып отырған жазасын өтеуші әйел.
![Түрме асханасына кіріп бара жатқан жазасын өтеушілер жасағы.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/31fc94b4-2ea0-41a7-9d92-c52e00d858b0_w1024_q10_s.jpg)
8
Түрме асханасына кіріп бара жатқан жазасын өтеушілер жасағы.
![Түскі астарын ішіп отырған жазасын өтеуші әйелдер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ae931a70-2941-40e4-a9f9-468e58240220_w1024_q10_s.jpg)
9
Түскі астарын ішіп отырған жазасын өтеуші әйелдер.
![Kazakhstan – Women's Prison. Almaty, 27Oct2015](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/1a4fa860-d8cf-41ad-9ebc-4d77b444a90c_w1024_q10_s.jpg)
10
Kazakhstan – Women's Prison. Almaty, 27Oct2015
![Жазасын өтеушілердің түскі ас мәзіріндегі екінші ыстық тамақ. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ccfd7cd0-da07-4fdb-918b-c076ec0fc129_w1024_q10_s.jpg)
11
Жазасын өтеушілердің түскі ас мәзіріндегі екінші ыстық тамақ.
![Тамақ ішіп отырған жазасын өтеушілерді күзетіп жүрген әскери қызметкер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7dde5a3c-9fc8-44d7-b3f0-04f0d80d8c9f_w1024_q10_s.jpg)
12
Тамақ ішіп отырған жазасын өтеушілерді күзетіп жүрген әскери қызметкер.
![Түскі асын ішіп, камераларына кезекпен бара жатқан әйелдер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/849ff9f4-3cbb-4e10-b5c7-fc4a14fc97d2_w1024_q10_s.jpg)
13
Түскі асын ішіп, камераларына кезекпен бара жатқан әйелдер.
![Тігін цехындағы тігін машинасында ілулі тұрған құқық қорғау қызметкерінің суреті.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/4464f7a2-6331-4f0e-8601-62657d5413ee_w1024_q10_s.jpg)
14
Тігін цехындағы тігін машинасында ілулі тұрған құқық қорғау қызметкерінің суреті.
![Түрмедегі тігін цехында жұмыс істеп отырған жазасын өтеуші әйелдер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/612e9cb1-f3c5-4ec0-a62f-53b9b5e11d1c_cx0_cy1_cw82_w1024_q10_r1_s.jpg)
15
Түрмедегі тігін цехында жұмыс істеп отырған жазасын өтеуші әйелдер.
![Тігін цехында полицейдің формасын үтіктеп тұрған жазасын өтеуші әйел.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7966319e-7287-4d17-ac95-a3498e658bd7_cx0_cy20_cw97_w1024_q10_r1_s.jpg)
16
Тігін цехында полицейдің формасын үтіктеп тұрған жазасын өтеуші әйел.
![Әйелдер түрмесіндегі жабық тұрған шайхана. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/42290984-cdf9-4cf7-bb3a-d4202954a2f4_w1024_q10_s.jpg)
17
Әйелдер түрмесіндегі жабық тұрған шайхана.
![Түзету мекемесінің ауласында жүрген жазасын өтеушілер.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/bd3568f4-c327-474f-be2b-98e421c597fc_w1024_q10_s.jpg)
18
Түзету мекемесінің ауласында жүрген жазасын өтеушілер.