Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде, ресми дерек бойынша, кемі 227 адам қаза тапқан. Олардың арасында 19 полицей мен әскери бар. Құрбан болғандардың 149-ы – Алматы қаласынан. Куәгерлер 6 қаңтар кешкісін Алматының Республика алаңында бейбіт акцияда тұрған қарусыз адамдарға тұтқиылдан оқ жауғанын айтады. Азаттық тлшісі 27 қаңтарда Тәуелсіздік ескерткіші маңын суретке түсіріп қайтты.
Тәуелсіздік монументіндегі оқ іздері
![Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі. Алматы, 27 қаңтар 2022 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8c8e0000-0aff-0242-a4b8-08d9e22d795f_w1024_q10_s.jpg)
1
Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі. Алматы, 27 қаңтар 2022 жыл.
![Алматы қалалық әкімдігі алдындағы сауда дүкені қабырғасындағы көлемі екі шаршы метрдей жерде 15 оқтың ізі қалған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8c8e0000-0aff-0242-e700-08d9e22f5580_w1024_q10_s.jpg)
2
Алматы қалалық әкімдігі алдындағы сауда дүкені қабырғасындағы көлемі екі шаршы метрдей жерде 15 оқтың ізі қалған.
![Республика алаңындағы темір жабындының бірнеше қатпарын тесіп өткен оқ ізі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/084a0000-0aff-0242-9878-08d9e22e969b_w1024_q10_s.jpg)
3
Республика алаңындағы темір жабындының бірнеше қатпарын тесіп өткен оқ ізі.
![Республика алаңындағы цемент қабырғаға қадалған оқ ізі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/084a0000-0aff-0242-37c3-08d9e2362d2a_w1024_q10_s.jpg)
4
Республика алаңындағы цемент қабырғаға қадалған оқ ізі.
!["Алмалы" жерасты сауда орталығының шынысын оқ тесіп өткен.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8c8e0000-0aff-0242-89d4-08d9e235d79e_w1024_q10_s.jpg)
5
"Алмалы" жерасты сауда орталығының шынысын оқ тесіп өткен.
![Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіндегі ескерткіштерге бірнеше жерден оқ тиген.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/084a0000-0aff-0242-3867-08d9e2368f22_w1024_q10_s.jpg)
6
Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіндегі ескерткіштерге бірнеше жерден оқ тиген.
![Республика алаңында бейбіт акция өткізіп тұрған адамдар тұтқиылдан оқ жауғанда әкімдік алдындағы "Алмалы" жерасты сауда орталығының кіреберісін паналаған жерде қанға ұқсас дақ қалған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8c8e0000-0aff-0242-7dfe-08d9e235234d_w1024_q10_s.jpg)
7
Республика алаңында бейбіт акция өткізіп тұрған адамдар тұтқиылдан оқ жауғанда әкімдік алдындағы "Алмалы" жерасты сауда орталығының кіреберісін паналаған жерде қанға ұқсас дақ қалған.
![Қала әкімдігі алдындағы "Алмалы" жерасты сауда орталығының шыны төбесін бірнеше жерден оқ тесіп өткен.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8c8e0000-0aff-0242-d5c2-08d9e234bfc9_w1024_q10_s.jpg)
8
Қала әкімдігі алдындағы "Алмалы" жерасты сауда орталығының шыны төбесін бірнеше жерден оқ тесіп өткен.
![Тәуелсіздік монументіндегі оқ іздері.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8c8e0000-0aff-0242-5dcd-08d9e2342ca0_w1024_q10_s.jpg)
9
Тәуелсіздік монументіндегі оқ іздері.
!["Алмалы" сауда орталығына кіреберістегі қабырғадағы оқ ізі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/084a0000-0aff-0242-c202-08d9e23332af_w1024_q10_s.jpg)
10
"Алмалы" сауда орталығына кіреберістегі қабырғадағы оқ ізі.
![Республика алаңында бейбіт акцияда тұрған азаматтардың кейбірі тұтқиылдан оқ жауғанда әкімдік алдындағы "Алмалы" жерасты сауда орталығының кіреберісін паналаған.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8c8e0000-0aff-0242-f728-08d9e22dce71_w1024_q10_s.jpg)
11
Республика алаңында бейбіт акцияда тұрған азаматтардың кейбірі тұтқиылдан оқ жауғанда әкімдік алдындағы "Алмалы" жерасты сауда орталығының кіреберісін паналаған.
![Алматы қаласы әкімдігі алдындағы жерасты сауда орталығының шыны есігін бірнеше жерден тесіп өткен оқ ізі.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/08810000-0a00-0242-3a04-08d9e230a6a6_w1024_q10_s.jpg)
12
Алматы қаласы әкімдігі алдындағы жерасты сауда орталығының шыны есігін бірнеше жерден тесіп өткен оқ ізі.
![Дүрбелең кезінде өртенген қала әкімдігі ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы, 27 қаңтар 2022 жыл.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/084a0000-0aff-0242-20dc-08d9e22f8cf5_w1024_q10_s.jpg)
13
Дүрбелең кезінде өртенген қала әкімдігі ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы, 27 қаңтар 2022 жыл.
![Республика алаңының бір шетіндегі қанға ұқсайтын дақ.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8c8e0000-0aff-0242-e2d1-08d9e22e24da_w1024_q10_s.jpg)
14
Республика алаңының бір шетіндегі қанға ұқсайтын дақ.
ПІКІРЛЕР