Жергілікті биліктің қарсылығына қарамастан, Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында бүгін Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс құрметіне арналған автошеру ұйымдастырылды. Сталиннің суреттерін, советтік, ресейлік және қазақстандық символикалар жапсырған ондаған автокөлік қала көшелерімен жүріп өтті.
Оралда Сталин суретін таққан автошеру өтті
![Автошеруге қатысушылар Оралдағы гипермаркеттердің бірінің көлік тұрағына жиналып жатыр. 9 мамыр 2015 жыл. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/5429df7a-ff60-41fd-ace9-f37d1ac13197_w1024_q10_s.jpg)
1
Автошеруге қатысушылар Оралдағы гипермаркеттердің бірінің көлік тұрағына жиналып жатыр. 9 мамыр 2015 жыл.
![Автошеруді ұйымдастырғандар табылмады. Шеруге қатысушы, негізінен жас азаматтар, акция өткізу туралы әлеуметтік желілер арқылы өзара келісіп шыққан.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/a08e07dd-1e11-4e74-ac10-4711c6047586_w1024_q10_s.jpg)
2
Автошеруді ұйымдастырғандар табылмады. Шеруге қатысушы, негізінен жас азаматтар, акция өткізу туралы әлеуметтік желілер арқылы өзара келісіп шыққан.
![Автошерудің басты символикаларының арасында Қазақстанда даулы тақырыпқа айналған Георгий лентасы, Иосиф Сталиннің портреттері, ресейлік және советтік тулар болды.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/74c712fe-d712-4e40-a675-bcccdf3e7627_w1024_q10_s.jpg)
3
Автошерудің басты символикаларының арасында Қазақстанда даулы тақырыпқа айналған Георгий лентасы, Иосиф Сталиннің портреттері, ресейлік және советтік тулар болды.
![Сталин портретін жергілікті кейбір белсенділер таратты. ](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/ddcbf37d-8ff6-4611-ad3d-d52e060f44e2_w1024_q10_s.jpg)
4
Сталин портретін жергілікті кейбір белсенділер таратты.
![Мына бір жеңіл автокөлік төбесіне зымыран қондырғысына ұқсайтын макеттер орнатып шықты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/d61f6b3c-b844-46ce-9292-62ed7f4c593c_w1024_q10_s.jpg)
5
Мына бір жеңіл автокөлік төбесіне зымыран қондырғысына ұқсайтын макеттер орнатып шықты.
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/c8ddb478-c530-4d98-a026-6034230deec3_w1024_q10_s.jpg)
6
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/8dc50fd4-4363-48be-b429-a0cbb0ea5822_w1024_q10_s.jpg)
7
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/566d1711-75fb-49f4-b183-55e5dbbd57bd_w1024_q10_s.jpg)
8
![](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/7e1f724e-5f39-4fed-8c97-baa439476d5f_w1024_q10_s.jpg)
9
![Автокөліктер колонна болып орнынан қозғалған сәтте құжат тексеруді желеу еткен полиция оларды тоқтата бастады. Құжаттарын көрген соң шеруге қатысушыларды жөніне босатты.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/56ee8b06-697c-400e-bb21-beb3ec948ca1_w1024_q10_s.jpg)
10
Автокөліктер колонна болып орнынан қозғалған сәтте құжат тексеруді желеу еткен полиция оларды тоқтата бастады. Құжаттарын көрген соң шеруге қатысушыларды жөніне босатты.
![Бірақ, автошеру бәрібір өткізілді. Ондаған көлік дыбыс белгісін беріп, Орал қаласының көшелерімен жүріп өтті.](https://d34xy23xa7o0an.cloudfront.net/dd8972d9-2384-43b7-87f6-40628f95dcbb_w1024_q10_s.jpg)
11
Бірақ, автошеру бәрібір өткізілді. Ондаған көлік дыбыс белгісін беріп, Орал қаласының көшелерімен жүріп өтті.